Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ashyq қосымшасындағы қазақстандықтардың жеке мәліметтерін кім көре алады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:39 - 2021/03/03

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ashyq-kosymshasyndagy-kazakstandyktardyn-zheke-malimetterin-kim-kore-alady_a3760086


Ashyq қосымшасындағы қазақстандықтардың жеке мәліметтерін кім көре алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» қосымшасындағы қазақстандықтардың жеке мәліметтерін кім көре алады? Бұл сауалға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті цифрландыру басқармасының басшысы Саян Әбдішов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ashyq жобасы адамдардың еркін жүріп-тұруын шектей ме Жандарбек Бекшин «Ashyq» қосымшасын пайдалана бастаған нысандарды тексерді Елордада 40-қа жуық кәсіпкерлік нысан «Ashyq» қосымшасын пайдаланып отыр

«Ashyq» қосымшасында ешқандай мәлімет жиналмайды. Келушінің ЖСН-і мен тегі Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесінде тіркеледі. Сервердегі мәліметтер ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде тұр. Денсаулық сақтау министрлігі қосымшаға келушілердің кіруін өзінің ақпараттық жүйелері арқылы көреді», - деп түсіндірді Саян Әбдішов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Ал Нұр-Сұлтан қалалық тұрақты даму орталығының ІТ-сәулетшісі, цифрландыру саласының маманы Виталий Пустовойтенконың айтуынша, мекеме қызметкері келуші көрсеткен мәртебені ғана көре алады.

«Аталған мәртебеде ЖСН-де көрінеді. Өйткені, адам өзінің ЖСН-ін енгізіп, оң нәтиженің немесе байланыста болған-болмағандығын тексереді. Ол бұл мәліметтерді мекеме қызметкеріне көрсетеді. Бірақ, ол мәліметтері келуші өзі енгізеді», - деді Виталий Пустовойтенко.

Оның айтуынша, мекемеге ұялы телефонсыз келген адам жеке мәліметтерін тексеруге келісім береді.

Содан кейін мекеме қызметкерлері оның мәліметтерін жүйеге енгізіп, коронавируспен ауырғанын немесе ауырғандармен байланыста болған-болмағанын тексереді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1364974
Пікірлер

Көрші сілтемелер