Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтудың үлесі қандай?



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 19:30 - 2021/02/26

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/zhumyssyz-zhastardy-enbekpen-kamtudyn-ulesi-kanday


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Шәпкенов былтырғы жұмыспен қамту саласындағы жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр өз сөзінде 2020 жылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін жедел шаралар кешені дер кезінде қабылданғанын атап өтті. 

«649 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Оның ішінде жұмыссыз жастар қатысушылардың үштен бірінен көбін құрайды (32%) немесе 211 мың адам, 277 мыңы немесе 43 пайызы - әйелдер. Барлығы 437 мың адам, оның ішінде 319 мың адам немесе 73 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды. 210 мың адам субсидияланған жұмыспен қамтылды. Оқумен (қысқа мерзімді курстар, техникалық-кәсіби білім, «Бастау Бизнес») 70 мыңнан астам адам қамтылды, оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 33 мыңнан астам адам оқытылды. Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 12 700 жеңілдетілген микрокредит және 44 900 қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Соның ішінде 1,4 мың микрокредит көпбалалы және табысы аз отбасыларға берілді. Микрокредит алушылар қосымша 13,7 мың жұмыс орнын құрды. 5,8 мың адам солтүстік өңірлерге қоныс аударды, оның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен еңбекке жарамды жастағы 2,5 мың адам (жұмыспен қамтылды, бизнесті дамытуға мүмкіндік алды және тағы басқа) қамтылды», – деді С. Шәпкенов Еңбек министрлігінің алқа мәжілісінде. 

Еңбекминінің басшысы 2020 жылы жұмыссыздықтың ушығу қаупін азайту мақсатында дағдарысқа қарсы жаңа бағдарлама – Жұмыспен қамтудың жол картасы қабылданғанын және іске асырылғанын да еске салды.

«Жол картасы 6,7 мың инфрақұрылымдық жобаны іске асыру кезінде тағы 239 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Дегенмен, жеке өңірлерге қатысты мәселелер бар. Біріншіден, жұмыспен қамтудың Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында жоспарланған индикаторына қол жеткізілген жоқ. Екіншіден, Алматы облысында жобалық-сметалық құжаттама ұзақ уақытқа созылғандықтан, 6 мектептің құрылысы басталмаған. Биыл мұндай проблемалар болмайды деп сенемін», – деді министр.

Бұдан бөлек, басқа мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамаларды іске асыру аясында 559 мың жұмыс орны құрылды, оның 386 мыңы тұрақты.

Жалпы, жыл қорытындысында 1,4 миллионнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде 783 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2020 жылғы 4-тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1362216
Пікірлер

Көрші сілтемелер