Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Кәсіпкерлерді «ұмытқан» кім? - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 19:25 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/114728/%d0%ba%d3%99%d1%81%d1%96%d0%bf%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96-%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%82%d2%9b%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d1%96%d0%bc/


Атырауда пандемия бас­тал­ғалы есігі тарс жабылып, әлі ашылмаған кәсіпкерлік ны­сандар бар. Қаладағы би­ль­ярд, боулинг, компьютерлік клубтар, балалар ойын алаң­дары бір жылдан бері жабық тұр. Атырау аймағы «Жасыл дә­лізде» болса да, карантин жеңіл­детілсе де, оларға жұ­мыс істеуге рұқсат берілмей отыр. «Шыдамның да шегі бар» дей­ді кәсіпкерлер. Рұқ­сат етіл­­месе, Президентке ша­ғы­ну­­ға ниетті екенін жет­кізу­де.

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресовке оннан аса кәсіпкер ке­ліп, мұңын шақты. Олар өздерінің шағын бизнесінің тұралап қалға­нына шағым айтып, қарамағындағы нысандардың ашыл­уына рұқсат сұрады.

«Фанки Таун» ойын-сауық кешенінің менеджері Жанаргүл Жолдығұлованың айтуынша, пан­де­мия басталып, ойын-сауық ке­шені жұмысын тоқтатқан 1 жыл­да 30 адам жұмыссыз қалып отыр. «Бейнеойын, лабиринт аппара­тының барлығы – германиялық. Бұл апараттарды сатып алған несиемізді төлеуіміз керек. Оларға айына 1 миллионнан аса несие төлейміз. Ұзақ қолданыста болма­са, бұл аппараттар жұмыс іс­темей қалуы мүмкін. Коммуналдық тө­лем­деріміз де шарықтап барады. Жұмысшылардың жеке несиелері бар. Сондықтан бізге тым болмаса, 50 пайызға жұмыс істеуге рұқсат берсе екен», – дейді Ж.Жолды­ғұлова.

Ал «Алтын сарай» ойын-сауық кешенінің өкілі Бибігүл Шите­нованың айтуынша, боулинг орта­лығы мен шағын банкет залдары бар кешен елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап жа­былған. Қызметін тоқтатқан бір жыл ішінде аспаздар өзге жұмыс іздеуге мәжбүр болған. Күз-қыс айларында қосылатын жылыту жүйелері де кәсіпкерлердің қал­тасын жұқартып, қарыздануға дейін жеткізіп отыр.

«Карантин шаралары жеңіл­детіле бастағанда әкімдікке де бардық. Монша, театр, асханалар ашылып, шектеулі талаппен ха­лық­қа қызмет көрсете бастады. Ал бізге рұқсат бермей отыр», – дейді Б.Шитенова.

– Біз жүргізген сараптама бо­йынша облыста 16 бильярд орта­лығы бар, оның 6-уы толық жұ­мысын тоқтатқан. 2 боулинг ор­та­лығының бірі жабылған, екіншісі жұмыс істеуге рұқсат берер деген үмітпен отыр. Қалада пандемия басталғалы жабулы тұрған онға жуық компьютерлік клуб бар. Кә­сіпкерлердің талаптары дұрыс деп ойлаймын. Олар заңды аттамай, бір жыл бойы жұмыстарын тоқ­татты. Аймақта карантин шаралары жеңілдетілгенде шектеуді талап ете отырып,  бизнестің өзге сала­ларына жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Сондықтан осы салаға да жалпы санитарлық талаптарды сақтап, алгоритмге сәйкес рұқсат беру керек. Себебі бұл жерде бірнеше адам жұмыс істейді, олар жұмыстың ашылуын күтіп отыр. Төлейтін несиелері бар, салықтан жеңілдік күтеді, сонымен қатар қыс мезгілінде коммуналдық қызмет тоқтаған жоқ. Мемлекет тарапынан берілген көмек өткен жылы бітті, биыл көмек жоқ. Біз бүгін бизнес субъектілердің арызын қабыл­да­дық. Арызды облыстық әкімдікке және республикалық аймақаралық комиссия бар, соған ұсынамыз, проб­леманы көтереміз. Барлық ұсынысты жинап, облыст­ың бас санитар дәрігерімен келіссөз жүргізетін боламыз, – деді Атырау облысы кәсіпкерлік палатасының директоры Абдолла Идресов.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1362211
Пікірлер

Көрші сілтемелер