Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтөбеде 300-ден астам медқызметкер вакцинаның екінші дозасын қабылдады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:21 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/aktobede-300-den-astam-medkyzmetker-vakcinanyn-ekinshi-dozasyn-kabyldady_a3758268


Ақтөбеде 300-ден астам медқызметкер вакцинаның екінші дозасын қабылдады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша барлығы 1 мың медицина қызметкері екпе қабылдап, олардың 300-ден астамы екінші дозасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті БҚО-да наурызда 3 мыңға жуық адамды коронавирусқа қарсы егу көзделіп отыр Алматы облысында вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды

Өткен тәулікте өңірде 19 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Вирус жұқтырғандардың 14-і дерттің симптомды түріне шалдыққан.

«Қазіргі кезде 159 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 52-і инфекциялық стационарлардағы ақ халаттылардың бақылауында. Жансақтау бөліміндегі бес науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен бірге өткен тәулікте 3 адам пневмония диагнозымен аурухаға түсті. Барлығы 48 науқас ем алып жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Карантиндік стационарда 23 адам бар. Шекарадағы карантиндік станцияларда 8 адам жатыр.

«Облыста 300-ден астам медицина қызметкері вакцинаның екінші дозасын қабылдады. Бәрінің жағдайы жақсы. Денсаулығына шағым айтқан ешкім болмады», - деді Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, қазіргі кезде 800-ге жуық адам үй карантинінде жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1362208
Пікірлер

Көрші сілтемелер