Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Парижде танымал құс базары жабылады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:20 - 2021/02/26

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/457985-parizhde-tanymal-s-bazary-zhabylady



Парижде танымал құс базары жабылады


Париж тұрғындары енді жексенбі сайын тотықұс пен шымшықтардың үнін естімейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала билігі Сена өзені бойындағы құс базарын жабу туралы шешім қабылдады.

Шаһар басшылығының мұндай әрекетке баруына жануарларды қорғаушылардың шағымдары себеп. Олар «құстарды сату қатыгездік әрі ескіліктің қалдығы», - дейді. Ал қала мэрі орынбасарының айтуынша, базарда сирек кездесетін құстардың контрабандасы артқан. Және құстарды ұстау бойынша түрлі талаптар орындалмайды.

Кристоф Найдовски, Париж қаласы мэрінің орынбасары:

- Алдағы айларда құс сатушыларының басқа кәсіп түрлерін үйреніп, жұмысқа орналасуына қолдау көрсетеміз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1362205
Пікірлер

Көрші сілтемелер