Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда мемлекетшіл болу неге қауіпті?



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 19:20 - 2021/02/26

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/129249



Қазақстан билігіне қатысты неше түрлі сын айтылып жүр ғой. Алайда менің ойымша режимнің ең басты кемшіліктерінің бірі қай салада болсын қызметкерлердің мемлекетшілдігін қалыптастыра алмағаны. «Балық – басынан шіриді» деген рас-ау. Керісінше, кім қай жерде отырса сол жерден бірдемені қарпып қалу, жұлып қалу, кеміріп қалу санаға сіңіп кеткен. Айырықша бір саналылары болмаса шенеуніктердің көпшілігінде қара бастың қамынан басқа қам жоқ. Өкінішті-ақ!

Күн сайын мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, коррупциямен қолға түсіп жатқаны туралы фактілерді естиміз. Мұның бәрі Отанымыз үшін өте қажет мемлекетшілдік психологияның жоқтығынан.

Мемлекетшілдік – дегеніміз мықты мемлекеттік билік пен біртұтас мемлекеттілікті нығайту әрекеті. Мемлекетшіл қызметкер әрқашан мемлекет пен қоғамның мүддесіне қызмет етеді. Ол қазақ қоғамының идеалы. Мемлекетшіл жан – білімді, кәсіби шебер, қолы таза, еңбекқор. Ал біз оған жаппай мүлде кереғар фактілерге тап болып келеміз.

Зауытбек Тұрысбеков қалай қателесті? | DalaNews

Ана бір жылы Ішкі істер министрі болған Зауытбек Тұрысбековпен сұқбаттасып қалғаным бар. Ол 1993-1997 жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған. «1996-1997 жылдары облыста әкім болып тұрған кезімде оңтүстіккореялық автокорпорация өкілдерімен келіссөздер жүргіздік. Шымкентте автозауыт салeға келістік. Салынатын жерді де ыңғайладық. Енді қол қоямыз деп тұрғанда аяқ астынан қызметім ауысып кетті. Автозауыт салу мәселесі ары қарай ешкімді қызықтырмады. Қазақстаннан қолдау таппаған соң кәрістер Ташкентке ауысып кетті», - деп еді өкінішпен. Иә, кезінде Ақорданы, үкіметті, облыстың жаңадан келген басшысын бұл тақырып мүлде толғандырмаған. Мемлекетшілдіктің тапшылығынан ірі өндірістен, ел бюджетіне құйылатын ірі түсімдерден айырылдық.

Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шықты | Inbusiness

Еліміздегі мемлекетшілдіктің жарқын көрінісі Мұхтар Жәкішевтің тағдыры дер едім. Оның «Казатомпромды» әлемде уран өндіруден бірінші орынға шығарамын деп талпынуы – нағыз мемлекетшілдік. Ал осындай азамат өтірік желеумен 11 жылға сотталды. Нәтижеге қараңыз, бүгінде еліміздегі уран өндірісі толықтай Ресейдің бақылауында.

Подробности дела экс-главы Комитета по водным ресурсам сообщили в суде: 18 февраля 2020, 19:31 - новости на Tengrinews.kz

Су ресурстар комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішев шынайы мемлекетшіл азамат болатын, су қоймаларын жөндеу үшін мемлекеттен бөлінген қаражатты үнемді жұмсап, қалған 300 млрд теңгені талан-таражға салдыртпай бюджетке қайтарып беріп еді, сол үшін құқық қорғау органдары тарапынан жалған іс қозғалып, сотталып кете барды. Соңғы күндерде әңгіме болып жүрген Қазақ-қырғыз шекарасындағы қазақстандықтардың сірескен мінезін мемлекетшілдіктен туған деп қалай айтасың? Ал мемлекетшілдігі үшін қуғындалған адамдар қаншама? Мұны мемлекет тарапынан сатқындық емей не дерсің?

Мемлекетшілдік мемлекет пен қоғамның қатынасынан туындайды. Ол бір бірін толықтырып отырғанда ғана өміршең. Ал бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекет пен қоғам бір біріне дұшпан. Билікте отырғандар өздерін қоғамның бір бөлшегі санамайды, өздерін қоғамнан жоғары қояды. Қоғаммен санаспаған соң билік халық қамын жеуден басқаның бәрімен айналысады. Биліктің әрекеттері мемлекетшілдік психологияны бесігінде тұншықтырып жатыр.

Іс жүзінде билік пен қоғам ізгілікті түрде әрекеттескенде ғана нәтижесі жемісті болмақ. Бұл туралы «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» деген еңбегінде әл-Фараби: «Қайырымды қала тірі ағзаның өмірін сақтап қалу үшін барлық мүшелері бір біріне көмектесетін сау тән тәріздес», деп көрсетеді. ХVІІ ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс: «Мемлекет қоғамнан туындайды, қоғам мемлекетті бақылайды», дейді. Өкініштісі біздегі мемлекеттік принциптер бұған тіпті керағар.

Қазақстаннан шамасы келгендердің шетелге жаппай көше бастауы – сол мемлекетшілдіктің бағаланбайтындығынан. Ертеңгі күнге деген сенімнің сейілуінен. Соның салдарынан қаншама білікті дәрігерлерден, мұғалімдерден, менеджерлерден, шынайы мамандардан айырылудамыз.

Ақыл-ойдың жылыстауы маған ең алдымен патриот болудың, мемлекетшіл болудың қауіптілігінен сияқты көрінеді. Бірақ қалай болғанда да мемлекетшілдік қасиет кез келген шенеуніктің қызметінің басты өлшемі болып қала береді. Басқа критерий жоқ!

Марат Бәйділдаұлы Тоқашбаев,

Жазушы-публицист

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1362204
Пікірлер

Көрші сілтемелер