Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мәдениет және спорт вице-министрі букмекерлік саланың мүддесін қорғады деген күдікке ілінді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 18:50 - 2021/02/26

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/madeniet-zhane-sport-vitse-ministri-bukmekerlik-salanyn-muddesin-korgady-degen-kudikke-ilindi


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол букмекерлік қызмет саласы мүддесіне лоббиі мен жалпы қамқорлығы үшін заңды тұлға құрылтайшысынан пара алу күдігіне ілінді», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров брифинг барысында. 

Оның айтуынша, сот санкциясымен пара алушы мен пара берген күдікті қамауға алынды.

«Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды», - деді Данияр Бекайдаров.

Айта кетейік, жақында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Еске салсақ, Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков 2020 жылы мамырда ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1362179
Пікірлер

Көрші сілтемелер