Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:50 - 2021/02/26

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/458017-a-t-be-oblysynda-22-zh-k-tsisternasy-zholdan-shy-yp-ketti



Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті


26 ақпан күні сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті.

Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы 150 метр темір жол рельсі зақымданған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға Атырау – Алматы бағытындағы №42 жолаушылар пойызының кешігуіне әсер етті (Ембі стансасында орналасқан). Қазіргі уақытта электр энергиясын тоқтан ажырату және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

ТЖД (9 қызметкер және 3 техника) және АПБ (2 қызметкер және 1 техника), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан ққ. «ҚТЖ» АҚ (2 қалпына келтіру пойызы және 49 қызметкер), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан (2 өрт сөндіру пойызы 16 қызметкер), ЖАО (3 қызметкер және 2 техника) жұмылдырылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1362177
Пікірлер

Көрші сілтемелер