Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет куәлігін көрсеткен адам анықталды - агенттік



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:39 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/mas-kuyinde-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-kyzmet-kualigin-korsetken-adam-anyktaldy-agenttik_a3758252


Мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет куәлігін көрсеткен адам анықталды - агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға офицері Динара Құлымбетова видеода мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің куәлігін көрсеткен ер адамға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет және спорт вице-министрі букмекерлік саланың мүддесін қорғады деген күдікке ілінді Қызметкерлердің жемқорлығы үшін қанша басшы жұмыстан кетті Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн жиын өтті

«Жол-көлік оқиғасын жасағаннан кейін, мас күйіндегі ер адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің куәлігін көрсеткені жайында әлеуметтік желілерде тараған бейнетүсірілім үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін және ішкі істер органдарында іздестіріліп жатқан Абдуллаев ұсталды. Оның жалған қызметтік куәлігі анықталды», - деді Д. Құлымбетова онлайн режимде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, аталған жалған қызметтік куәлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үлгісіндегі құжат негізде жасалмағанын нақтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Динара Құлымбетова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің атын жамылған алаяқтар ұсталғанын айтқан еді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1362166
Пікірлер

Көрші сілтемелер