Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентте жаңадан газ қосқан үй жарылып, бір отбасы далада қалды - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 18:25 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/114763/%d1%88%d1%8b%d0%bc%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d1%82%d1%82%d0%b5-%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d0%b3%d0%b0%d0%b7-%d2%9b%d0%be%d1%81%d2%9b%d0%b0%d0%bd-%d2%af%d0%b9-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bb/


Жарылыс болған кезде үйде 6 адам болған. Баспанасыз қалған қос бүлдіршін туыстарын паналаса, күйік шалған ата-анасы мен тағы бір қыз ауруханада жатыр. Бұл туралы КТК хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, жарылыс газ жүргізген компанияның кесірінен болуы мүмкін.

Құрсай ықшамауданына газ күні кеше бірінші рет берілген. Енді қоспақ болғанда лап етіп тұтанып, жарылыс болып отыр. Осыған дейін көмір жағып күн көрген Құрсай ықшамауданына көгілдір отын енді ғана берілген. Жәбірленушілер бұған газ тартқан жекеменшік компанияны кінәлайды. Себебі, шарбақтан үйге дейін құбыр жүргізгеніне 330 мың теңге алған мердігер компания нұсқаулықты телефон арқылы беріпті.

Жәбірленушінің туысы Сәбина Серікқызы: «Кеше телефонмен ол кісілер қалай қосылу керек екенін ауызша айтқан. «Бірінші ауа шығарып, кішкене күт, содан кейін барып қос» деген. Сол сәтте осындай жағдай болған. Олар келмеген. Сөйтіп, телефонмен нұқсқау берген. Сотқа береміз. Өйткені, маманы келіп, ол келісімшартқа тұрған соң, өзі қосуы керек еді», – дейді.

Жарылыс болған кезде үйде 6 адам болған. Екі және төрт жастағы бала мен қыдырып келген тағы бір туысы дін аман. Ал ерлі-зайыпты үй иесі мен 19 жастағы бойжеткен ауруханаға түсті. Олардың беті-қолы күйіп қалған.

Шенеуніктер қиын жағдайға душар болған отбасыға жан-жақты көмек көрсетеміз деп отыр.

Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш: «Жаңа үй салып біткенше, мен айта алмаймын, күзге дейін болса, күзге дейін, жазға дейін болса, жазға дейін баспанамен қамтимыз. Одан кейін барлық материалдық жағдай болса да, техникадан болсын, аудан әкімшілігі тарапынан үлкен көмек көрсетіледі», – дейді.

Ал құзырлы органдар үйге газ жүргізген компанияның атын айта алмай отыр. Бірақ, жарылысқа сол компания кінәлі болса, сот шешімімен шығынды өтейді. Өйткені баспанасыз қалған отбасының қайтадан үй салатын жағдайы жоқ.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1362157
Пікірлер

Көрші сілтемелер