Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Маңғыстау: Мұнайлы ауданына жаңадан бас имам тағайындалды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасыны



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 18:15 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2021-02-26/35117-mangystau-munaily-audanyna-zhanadan-bas-imam-tagaiyndaldy


Маңғыстау: Мұнайлы ауданына жаңадан бас имам тағайындалды - Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты
Маңғыстау: Мұнайлы ауданына жаңадан бас имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында орналасқан «Миғраж» мешітіне Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешіті мәртебесі беріліп, ғибадат үйінің бас имамы болып Баймұқанов Руслан Сағынтайұлы тағайындалды.

Жұма намазының алдында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жақында ғана Маңғыстау ауылында ашылған «Миғраж» спорт кешенінің құрылысына қол ұшын беріп, үлкен қолдау білдірген ақсақал ағамыз Бақытжан Әзизұлына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан шапан жауып, сыйлық табыстады.

Бұдан бөлек, Әнуар Ізімбайұлы жаңа имам Руслан Сағынтайұлын Мұнайлы жамағатына таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Жұма намазынан кейін бас имам Әнуар Ізімбайұлы еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы мен кемел болашағы үшін дұға етіп, жаңадан тағайындалған имамның қызметіне табыс тіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=1362151
Пікірлер

Көрші сілтемелер