Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің атын жамылған алаяқтар ұсталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:12 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sybaylas-zhemkorlykka-karsy-kyzmet-okilinin-atyn-zhamylgan-alayaktar-ustaldy_a3758243


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің атын жамылған алаяқтар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі деп таныстырған бірқатар алаяқ ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға офицері Динара Құлымбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Есеп комитеті жұртшылықпен өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті Қауіпсіз қала: Астанада бейнебақылаудың арқасында қылмыс көлемі 30% азайды Жамбылда бақылау камералары арқылы күніне 50-ден астам бұзушылық анықталады

«2020 жылы жеке қауіпсіздік департаменті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне қатысты 406 шағым мен өтінішті қарады, 286 қызметтік тергеу жүргізді. Осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жұмыс бабын пайда көру мақсатында пайдалануға жол бермеу бойынша іс-шараны тұрақты негізде жүргізіп келеді. Сонымен қатар, өздерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтін атынан таныстыратын адамдардың алаяқтық әрекеттер жасау фактілері орын алып отыр», - деді Д. Құлымбетова онлайн режимде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, 2020 жылы шілде айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері болып таныстарған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұсталды. Бірнеше рет алаяқтық әрекет жасау және аса ірі сомада пара беруге итермелеу фактісі бойынша жалпы сомасы 70 млн теңгеден асатын басқа азаматтың қаражатын алдау жолымен иемденген. Сонымен қатар оның 2014 жылдан бастап аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде екені анықталды.

Бұдан бөлек Д. Құлымбетова басқа да алаяқтық фактілеріне тоқталды.

«2020 жылы мамыр айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жалған қызметтік куәлігін пайдаланып, Қызылорда облысы аумағында 1 млн теңгеден астам сомаға азаматтың мүлкін иемденген Түркістан облысы тұрғынының алаяқтық әрекеттерінің жолы кесілді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылы желтоқсан айында Алматы қаласының тұрғыны алдау жолымен өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ретінде таныстырып, басқа азаматтың сот өндірісінде қылмыстық іс бойынша мәселесіне оң шешім жасау үшін 5 млн теңге сомасында қаражатты иемденген. Қазіргі кезде алаяқтық фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1362148
Пікірлер

Көрші сілтемелер