Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да карантин тәртібі жеңілдетілді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:10 - 2021/02/26

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/458012-s-o-da-karantin-t-rtibi-zhe-ildetildi



СҚО-да карантин тәртібі жеңілдетілді


Солтүстік Қазақстан облысында карантин тәртібі жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша осы жексенбіден бастап мешіттерде жамағатпен бірге бес уақыт намаз оқуға болады. Әзірге тек облыс орталығы – Петропавлда жұма намазға рұқсат етілген жоқ. Театрлар да ашылады. Тек көрермен саны 30%-тен аспауы тиіс. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындары 50 адамға дейін қабылдай алады.

Айта кетейік, облыста екпе егу науқаны жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда вакцинаның екінші дозасын 900 адам салдырған.

Әсет Жұматаев, облыстық санитарлық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Және де бір айтар жағдай – облыс және қала арасында жүретін жолаушылар тасымалдаушы автокөліктерге бұрын өздеріңіз білетіндей 300 шақырымға дейін рұқсат етілетін. Ол шектеу де алынды. Яғни, бүгін барлық аймақта өз қызметін атқара алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1362145
Пікірлер

Көрші сілтемелер