Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 18:03 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/267059-qyzylordada-karantin-talaptaryn-saqtamaghan-tungi-klub-anyqtaldy


Тәртіп сақшылары Қызылорда қаласында карантиндік шаралардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы қала әкімімен бекітілген мониторингтік топ құрамында рейдтік тексерулер жүргізуде. Рейдтер барысында қала орталығындағы бірнеше ойын-сауық орындарында карантиндік шектеулердің сақталмағандығы анықталып,  олар бойынша жинқталған материалдар кәсіпкерлік нысан иелеріне тиісті шара қолдану үшін Үйлестіру орталығына жолданды.

Мысалы, карантиндік талаптарды бұза отырып, түнгі сағат 23:20 шамасында жұмыс істеп тұрған “Ален” түнгі клубына барған тәртіп сақшыларына клуб әкімшісі мен күзетшілері есік ашпаған. Мониторингтік топ мүшелері клуб иесіне қоңырау шалып, оқиға орнына дереу жетуін сұраған.

Қазіргі таңда аталған клубтың иесіне, әкімшісі мен күзетшісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабының 1-бөлігімен (Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау) хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды. Карантин талаптарын бұзу дерегі бойынша материал шара қолдану үшін мүдделі органға жолданды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1362141
Пікірлер

Көрші сілтемелер