Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Cемейде 142 жыл бұрын салынған ғимарат түннен бері өртеніп жатыр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 18:00 - 2021/02/26

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/cemeyde-142-zhyl-buryn-salyngan-gimarat-tunnen-beri-ortenip-zhatyr


Cемейлік өрт сөндірушілер 1879 жылғы ғимаратта шыққан жалынмен 10 сағат бойы арпалысуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 ақпанда сағат 00.46-да Абай даңғылының бойында орналасқан ЖШС-ның екіқабатты ғимаратында өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден келіп жетті. Ағаштан салынған 1879 жылғы ғимараттың қабырғаларын, еденін, жиһаздарды және жеке заттарды жалын шарпыған. 

«Қазіргі уақытта тілсіз жаумен 19 техника мен 55 адам күресуде. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыды», - делінген хабарламада.

Өрттің шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау, электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы немесе отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1362138
Пікірлер

Көрші сілтемелер