Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Саттарханов атындағы спорт мектебі салынады - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 06:50 - 2021/02/24

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/113989/%d1%81%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82-%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%b1%d1%96-%d1%81/


Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасы мақұлданды. Спортшының атымен аталатын даңғылдың бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес салынады деседі. Сонымен бірге сәулеті ерекше мешіт құрылысы да жүріп жатыр.

Жаңа нысанның құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Аумағы 320 орындық болатын спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмесі орналасады. Кешеннің жобасымен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев танысып, мақұлдаған. Бұдан бөлек, Түркістанда сәулеті ерекше мешіт құрылысы да жүріп жатыр.

Шығыс нақышында жасалған Ислам орталығы 20 мың шаршы метр аумаққа жайғасқан. Мешітте 5 мың жамағат бір мезгілде сәжде етіп, құлшылық жасай алады. Діни ғимарат Ұлы Жібек жолы бойымен көне шаһарға келетін туристердің қызығу­шылығын арттыратын тағы бір нысан болмақ. 400 орындық медресе, кітапхана, асхана салынады деп күтіліп отыр. Ал әкімшілік-іскерлік орталығында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 38 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеті ашық түсті тра­вертин мен ақшыл мәрмәр таспен қапталып жатыр. Сат­тарханов даңғылының бойындағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртқы көрінісі бірыңғай стильде жаңа­ртылып жатқаны келу­шілердің де, тұрғындардың көзін қуантатыны анық.

Исмаил ҚУАНЫШ

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1359952
Пікірлер

Көрші сілтемелер