Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алтын Орда тарихынан сыр шертетін киножоба - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 06:00 - 2021/02/24

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/113973/%d0%b0%d0%bb%d1%82%d1%8b%d0%bd-%d0%be%d1%80%d0%b4%d0%b0-%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%85%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d1%8b%d1%80-%d1%88%d0%b5%d1%80%d1%82%d0%b5%d1%82%d1%96%d0%bd-%d0%ba%d0%b8%d0%bd/


Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырым­дамасын әзірлеуге кірісті. Басқарма төрағасы бұған де­йінгі қателіктерден сабақ ала отырып, жұп-жұмыр туын­ды әзірлейтіндеріне сендіріп отыр.

Киножобаға дайындықтың бірінші кезеңінде кәсіби тарих­шылар мен тәжірибелі кино­драматург, этнографтар мен әдебиеттанушылардан ақпарат жиналады. Сонымен қатар үлкен халықаралық тарихи киножоба­ларды жасау бойынша табысты тәжірибесі бар Голливуд, Еуропа, Ресей және Азияның үздік өн­дірістік компаниялары арасынан жаһандық серіктестер мен ин­вес­торларды іздеу жүргізіліп жа­тыр.

«Біз жұмысты бастап кеттік. Жуырда екі үздік гол­ли­вудтық компаниямен видео­байланыс арқылы конференция өткіздік. Жақын арада азиялық әріптес­терімізбен кездес­пек­шіміз. Бұл жерде өндірістің қар­жылық мо­делін пысықтауға баса назар ау­дарған жөн. Кейін бізде рибейт тетігі қосылуы мүмкін, яғни Қа­зақ­стан аумағында жұм­сал­ған қаражаттың бір бөлігін шетелдік компанияларға өтеу (сандар 30 %-ға дейін өзгереді). Басқа жағ­дайда қалалық және өңірлік ки­но­комиссиялар тара­пынан барынша қолдау көр­се­тілетін болады», – дейді «ҰКҚМО» КЕАҚ басқарма төрағасы Есет­жан Қосыбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бұған дейінгі тарихи блокбастер түсіру төңірегінде болған қате­ліктерді қайталамай, жоба­ны жан-жақты пысықтауға үл­кен жауапкершілік жүктеледі.

Айта кетерлігі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кине­матографистерге тарихи та­қырып­тағы фильмдерді шығару қажет екенін айтқан болатын. «Бүгінде әлемдік кино­индус­трияда тарих тақы­рыбындағы сценарийлерге сұ­раныс жоғары. Осы орайда, біздің де шежіре­мізде ауқымды фильмдерге арқау болатын маңызды белестер мен оқиғалар баршылық. Мысалы, әлемдегі ең қуатты империя­лардың бірі болған Алтын Орда тарихы дайын тұрған жоқ па?! Бұл мәселеге болашақта кино сала­сының мамандары баса назар аударғаны жөн» деп атап өткен еді Мемлекет басшысы.

Ж.АҚҚАЙЫР

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1359949
Пікірлер

Көрші сілтемелер