Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қызылордада ақпан айында 187 адам коронавирус жұқтырды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 04:45 - 2021/02/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kyzylordada-akpan-ayynda-187-adam-koronavirus-zhuktyrdy_a3756828


Қызылордада ақпан айында 187 адам коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ақпан айында 187 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды Ұлттық сараптама орталығының зертханаларында коронавирусқа 2 млн талдау жасалған Түркия мен Мысырдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды

Олардың арасында 131 адам облыс орталығының тұрғындары. Одан кейінгі кезекте Шиеліде - 14, Жалағашта - 10, Арал мен Қазалыда - 9 адам инфекция жұқтырған. Ал Сырдарияда - 6, Жаңақорғанда - 5, Қармақшыда - 3 адамнан коронавирус анықталған.

«Науқастардың басым көпшілігі ауруды қарым-қатынас арқылы жұқтырған. Өткен аптада тіркелген 65 жағдайдың 31-і осындай жолмен жұққан. Бұл тұрғындардың жеке сақтық шарасын, үйде оқшаулану тәртібін, карантин талаптарын сақтамау салдарынан болып отыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Қазіргі таңда облыста коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 3 796 адамға жетті.

Жыл басынан бері 400-ден астам ковид-ке шалдыққан.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359943
Пікірлер

Көрші сілтемелер