Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұр-Сұлтан-Щучинск күре жолында 500 метрден астам кептеліс пайда болды - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы.



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 02:50 - 2021/02/24

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/113950/%d0%bd%d2%b1%d1%80-%d1%81%d2%b1%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d1%89%d1%83%d1%87%d0%b8%d0%bd%d1%81%d0%ba-%d0%ba%d2%af%d1%80%d0%b5-%d0%b6%d0%be%d0%bb%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-500-%d0%bc%d0%b5%d1%82%d1%80/


Нұр-Сұлтан-Щучинск күре жолында ауа райының бұзылып ақ түтек бораннан түк көрінбеуіне байланысты жол жабылғанына қарамастан 500 метрден астам жол кептелісі пайда болған. Дәл қазір көліктердің жүруіне жол бермей жол полициясы көлігі көліктердің алдында тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Осыған дейін жергілікті төтенше жағдайлар департаменті ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан-Петропавловск» автожолының Нұр-Сұлтан-Щучинск қаласының арасындағы 18-231 шақырымында көліктің барлық түрлеріне қозғалыстың 20:00-ден бастап жабылғанын хабарлаған.

«Дәл қазір Щучинсктен Көкшетау қаласына қарай шығатын тас жолда 500 метрден асатын көлік кептелісі. Жолда абай болыңыздар, – деді оқиға куәгері Саян Есжан.

Көлік кептелісі қанша уақыт тұратыны әзірге белгісіз.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1359933
Пікірлер

Көрші сілтемелер