Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» спектаклінің премьерасы өтеді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 02:10 - 2021/02/24

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/elordada-oralkhan-bokeydin-auyl-khikayalary-spektaklinin-premerasy-otedi


27-28 ақпанда Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Алтайдың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» спектаклінің премьерасы өтеді.

«Алтайдың Кербұғысы» атанған заңғар жазушы Оралхан Бөкейдің әңгімелері өміршеңдігімен, терең сырлы лирикасымен ел жүрегінен өз орнын алған. 

«Ауыл хикаялары» драмасы суреткер О.Бөкейдің «Апамның астауы», «Қош, махаббатым» және «Маңдайдан бағың шайқалса» әңгімелерінің желісі бойынша сахналанады.

Көрермендер өкініш пен қоштасу, қуаныш пен мұң, махаббат пен қимастық сезімін бастан кешіріп, кіші сахнада қойылымның қатысушына айналады. Қойылым сіздің жүрек түбіндегі ыстық сезімдерді оятып, асыл шақтарыңызды еске алуға, сіз үшін қымбат жандармен тағы бір мәрте тілдесуге, сырласуға мүмкіндік береді. 

Авторы: Оралхан Бөкей. Режиссерлері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Қамиев, Нұржігіт Муслимов, Әли Бидахмет, суретші – Айнұр Есболатова. 

Өтетін орны: NOMAD CITY HALL 

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, B2-3. Басталуы сағат 19:00

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359927
Пікірлер

Көрші сілтемелер