Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтөбелік шенеунік гір көтеруден ел чемпионы атанды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:24 - 2021/02/24

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/aktobelik-sheneunik-gir-koteruden-el-chempiony-atandy_a3756832


Ақтөбелік шенеунік гір көтеруден ел чемпионы атанды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында гір спортынан ересектер арасында ел біріншілігі аяқталды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде 30 елді мекенді су басу қаупі бар Ақтөбеде денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтік көлігін Қарттар үйіне тапсырды Ақтөбеде жолдар жабық, жүкті келіншек үйінде босанды

Ақтөбеде Гір және қол күресінен ҚР чемпионаты өтті. Жастар және ересектер арасында өткен додаға еліміздің барлық аймағынан білекті спортшы қатысады. Олардың арасында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық, республикалық додалардың жеңімпаздары бар. Жарысқа қатысушылардың барлығынан ПТР анықтамасы сұралды.

«Ерлер және әйелдер 11 салмақ дәрежесі бойынша жарысты. Жастар арасында ерлер 7, ал қыздар 4 салмақта өзара мықтыны анықтады. Армрестлингтен ерлер 10 салмақ, әйелдер 9 салмақ бойынша күш сынасты. Жарыс ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орайластырылған. Ақтөбе облысының қоржыны 2 алтын, бір қола бар. Ерлер арасында Евгений Гончаров І-орынды, Айтқали Балтабаев
ІІІ-орынды иеленді. Әйелдер арасында І-орынды Алмагүл Шамгонова алды», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Мұқан.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359913
Пікірлер

Көрші сілтемелер