Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Екібастұзда кісі қолынан қаза болған адам KEGOK-та жұмыс істеген



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 00:40 - 2021/02/24

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/ekibastuzda-kisi-kolynan-kaza-bolgan-adam-kegok-ta-zhumys-istegen


Екібастұзда атып өлтірілген ер адамның отбасына ол жұмыс істеген кәсіпорын көмек көрсетеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Северные МЭС" АҚ KEGOK бөлімшесі Екібастұзда кісі қолынан қаза тапқан ер адам кәсіпорында электр жабдықтары маманы болып жұмыс істегенін растады.

"Северные МЭС" АҚ KEGOK бөлімшесі директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Азамат Әмреновтің айтуынша, қаза тапқан адам осы компания қызметкері болған. Ол марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін айтты.

"Біз қызметкеріміздің отбасына міндетті түрде көмектесеміз. Бірақ дәл қазір қандай көмек көрсетілетінін нақты айта алмаймын. Бұл мәселе бойынша кеңес өткіземіз", - деді Азамат Амренов.

Айта кетейік, 23 ақпанда таңғы сағат 8 шамасында Екібастұздағы үйлер ауласының бірінен ер адамның денесі табылды. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлардан ер адам қоқыс төгуге шықаны көрінеді. Қайтар жолда оған медициналық маска мен көзілдірік киген белгісіз адам оқ атып, оқиға болған жерден ізін суытқан.

Полиция департаменті күдікті әлі ұсталмағанын хабарлады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқиғаның куәгерлері болса 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359904
Пікірлер

Көрші сілтемелер