Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында боранға байланысты бірқатар жол жабылды - Aikyn.kz | Жа



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 00:25 - 2021/02/24

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/113961/%d0%b0%d2%9b%d0%bc%d0%be%d0%bb%d0%b0-%d0%bf%d0%b0%d0%b2%d0%bb%d0%be%d0%b4%d0%b0%d1%80-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b-%d0%be%d0%b1%d0%bb%d1%8b%d1%81/


Ақмола облысында 23 ақпан күні сағат 22.45-те ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) төмендегі жолдарда барлық көлік түрінің жүруіне тыйым салынды:

1. «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысы аралығы.

2. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 16-51 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы аралығы.

Павлодар облысында 23 ақпан күні сағат 22.45-те Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолының 200-254 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы мен Шідерті кенті аралығында барлық көлік түрінің жүруі шектелді.

Қарағанды облысында 23 ақпанда сағат 22.45-те Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 51-104 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы мен Нұра кенті аралығында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды.

Елордада 23 ақпанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын) «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» жолының 19-180 шақырымы аралығында барлық автокөліктің барлық түрлеріне жол жабық.

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1359897
Пікірлер

Көрші сілтемелер