Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қ.Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді - Қазақстан және ә



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 00:10 - 2021/02/24

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/457342-to-aev-prezident-teleradiokeshenini-zha-a-apparatty-studiya-keshenin-aralap-k-rdi



Қ.Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді.

Бұл туралы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне 25 жыл. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТРК-ның жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көріп, ұжымды мерейтойымен құттықтады.

Президент Телерадиокешені жұмысының негізгі нәтижелерімен танысты. Ширек ғасыр ішінде оның қызметкерлері 800 деректі фильм түсірген. 2019 жылдың 20 наурызынан бері Мемлекет басшысының қызметі туралы 600 сағаттық видеотүсірілім жасалып, 56 деректі фильм, 450 видеоролик дайындалған.

Көптеген видеоматериалдар Telegram және YouTube әлеуметтік желілеріне жүктелген.

Президенттің Телерадиокешені Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Абайдың қара сөздері» және «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» деректі фильмдер циклын түсіруді жоспарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ақорда» резиденциясында орнатылған UHD (4K) аппараттық-студия кешені таныстырылды. Бұл кешен жоғары сапалы видеотүсірілім жасауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Телерадиокешеннің ұжымына ел өміріндегі аса маңызды оқиғаларды жедел әрі сапалы жариялап көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, ТРК қызметкерлеріне жаңа шығармашылық табыс тіледі» деп жазды ол.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359891
Пікірлер

Көрші сілтемелер