Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Көкшетауда 70 пәтерлі екі үй бой көтереді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:20 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/457330-k-kshetauda-70-p-terli-eki-j-boj-k-teredi






Ақмола облысында баспана құрылысы қарқынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 574 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Нәтижесінде 5 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлады. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көретіндер биыл да артады дейді жауаптылар.

Қаз-қатар тізілген жаңа тұрғын үйлер көбіне қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. «Сарыарқа» деп аталатын ықшам ауданда қазірдің өзінде 21 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мәселен, мына алаңда көп ұзамай 70 пәтерлі екі үй бой көтереді. Қарлы боран мен қатты жел жұмысшыларға жиі кедергі келтіреді дейді мердігер. Дегенмен нысанды уәделі мерзімінен кешіктірмеуге барын салып жатыр. Жоспар бойынша, бес қабатты қос баспана тамыз айында дайын болады.

Арман Гельманов, оператор:

– Қазіргі кезде кірпіш салынып жатыр. Суы, бәрі тартылып тұр. Үйлер өте жылы болады. Себебі кірпіштердің арасына пенапласт салынады.

Жылы әрі жаңа үймен бірінші кезекті жетімдер мен көпбалалы отбасыларды қамту көзделген. Осы үшін аталған шағын ауданда 12 арендалық баспананың қадасы қағылды. Олардың дені биылдан қалдырмай иелеріне табысталады. Ал облыс бойынша үй кезегінде тұрғандардың жалпы саны 21 мыңға жетеқабыл. Мәселені шешу үшін жергілікті билік баспана салуды тек облыс орталығы ғана емес, ауыл-аймақта да ширатқан.

Гүлмира Тасова, облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

– Биыл өңірде 16 арендалық тұрғын үй қолданысқа беріледі. Атап айтсақ, Көкшетау қаласында 10 үй, Егіндікөлде 16 пәтерлі бір үй, Біржан сал ауданында 21 пәтерлі үй, Шортандыда 36 пәтерлі бір үй және Ерейментау, Целиноград, Ақкөл аудандарында 45 пәтерлі үйлер салынып, ел игілігіне тапсырылады.

Былтыр өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 5 мыңға жуық отбасы үйлі болды. Ал биыл бақытқа кенелетін шаңырақ саны артады дейді жауапты өкілдер. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 616 мың шаршы метр баспана салынып, тапсырылуы тиіс. Бұл жылдағы межеден 42 мың шаршы метрге көп.

Назерке Тоқжан, Евгений Шинкоренко

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359869
Пікірлер

Көрші сілтемелер