Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Адасып кеткен 3 бала тау шатқалынан табылды | “Адырна” ұлттық порталы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 23:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/60734


Адасып кеткен 3 бала тау шатқалынан табылды
104

Алматы облысында ойнап жүріп, адасып кеткен балалар тау шатқалынан табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 ақпанда сағат 14:35 шамасында Кеген аудандық полиция бөліміне 1976 жылы туған азаматша жеті жастағы екі баланың және тоғыз жастағы бір баланың ойнауға кетіп, оралмағанын айтып жүгінген.

– Балалардың жоғалғаны туралы хабар түсе салысымен бірден іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде сол ауылдық округке жауапты учаскелік полиция инспекторы С.Баянбекұлы мен ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторы Ж.Малибеков сағат 15:30 шамасында балаларды тау шатқалында ойнап жүрген жерлерінен тауып, анасына табыстады. Балалардың ойнап жүріп, тау ішіне кіріп, адасып кеткендігі белгілі болды. Ювеналды полиция тобының қызметкерлері балалардың анасымен профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деді Кеген аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Үркімбаев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1359861
Пікірлер

Көрші сілтемелер