Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 22:50 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/113852/%d0%b5%d0%bb%d1%96%d0%bc%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bc-%d0%b1%d3%a9%d0%bb%d1%96%d0%b3%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5-%d0%b1%d2%b1%d1%80%d2%9b%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd-%d0%b1/


«Қазгидромет» РМК 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

23-24 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Орал қаласында 24 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Сол күндері Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз – 23 м/с дейін жетеді.24 ақпан күні Ақтөбе қаласында жаяу бұрқасын болады, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 16 метрге жетеді.

23-24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал. Қызылорда қаласында 24 ақпанда түнде бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с болады.

23-24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өскемен қаласында 24 ақпанда күндіз көктайғақ болып, жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні15-18 м/с болады. Семей қаласында 24 ақпан күні түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-18 м/с жетуі ықтимал.

24 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау қаласында 24 ақпан күні күндіз жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

 

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1359852
Пікірлер

Көрші сілтемелер