Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атырауда браконьерлерден 2 тоннаға жуық балық тәркіленді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 22:40 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/atyrauda-brakonerlerden-2-tonnaga-zhuyk-balyk-tarkilendi


Атырауда жыл басынан бері браконьерлерден 1 тонна 712 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жайық өзені мен Каспий теңізінде мұз қатқалы бері бірнеше рет рейдтік іс-шара өткізілген. Мақсат – балық қорына заңсыз қол сұғушыларды анықтау. 

«Полиция қызметкерлері рейдтік шаралар кезінде браконьерлерден 1 тонна 712 келі қара балық тауып, тәркіледі. Заңсыз балық аулаушылардан 20 мотоцикл мен 2 автокөлік алынды. Қазір құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, «Chevrolet NIVA» қызметтік автокөлігі тоқтатылып, заңсыз ауланған 300 келі сазан тәркіленген. Көлік арнайы айып тұрағына қойылған. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359850
Пікірлер

Көрші сілтемелер