Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанның дәрілік препараттары қандай елдерге экспортталады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:18 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-darilik-preparattary-kanday-elderge-eksporttalady_a3756808


Қазақстанның дәрілік препараттары қандай елдерге экспортталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы пандемия кезінде елдің ішкі нарығын фармацевтикалық өнімдермен қамтамасыз ету мәселесі өткір болды. Осыны ескере отырып отандық өндірушілер 2020 жылдың қорытындысы бойынша саладағы өндіріс көлемін 47%-ға өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бабақұмаров: Медұйымдардағы қадағалаушы кеңестердің жұмыс тиімділігін арттыру керек Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталғанда ғана сыныптар жабылады Жасы 65-тен асқан қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат берілді

«Бұған отандық кәсіпорындарда шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюы себеп болды. Бұдан басқа көрсеткіштердің өсуіне «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды жеткізудің ұлғаюы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға халықтың жоғары сұранысына байланысты бөлшек саудада өткізудің ұлғаюы мұрындық болған», - делінген хабарламада.

Мәселен, «Химфарм» АҚ шығаратын өнім көлемі 2 есеге артқан. Сонымен қатар компания кейінгі 2 жылда экспорт көлемін 2,5 есе арттырды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның дәрілік препараттары Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарында кеңінен сұранысқа ие. Сондай-ақ, өнімдер Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия және Ресей сияқты елдерге экспортталады. Биыл Өзбекстан нарығына шығу арқылы экспортты екі есеге арттыру жоспарлануда.

Сондай-ақ маңызды сын-тегеуріндердің бірі — Еуропалық Одақтың дәрі-дәрмек нарығына шығу. Осылайша, 2023 жылға қарай экспорт көлемін 16 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланған. Бүгінгі таңда кәсіпорын қоржынында 11 өндірістік желіде өндірілетін 9 түрлі формадағы 120-дан астам дәрі-дәрмек атауы бар.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359838
Пікірлер

Көрші сілтемелер