Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жетісай ауданында 200 шақырымнан астам жол жөнделді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:06 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/zhetisay-audanynda-200-shakyrymnan-astam-zhol-zhondeldi_a3756674


Жетісай ауданында 200 шақырымнан астам жол жөнделді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Былтыр Жетісай ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолы мен елді мекендерге қарасты 53 көшеге орта жөндеу және 219 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда жыл соңына дейін 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі «Жезқазған-Петропавл» жол бөлігінде көлік қозғалысы шектелді Жамбыл облысындағы республикалық трассаларда жол ережесі бір күнде 247 рет бұзылған

Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, ауданда «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында 15,2 шақырымды құрайтын 22 көшеге орта жөндеу, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,68 шақырымдық 1 көшеге орта жөндеу және 3 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 185 көшенің жол жөнделсе, жергілікті бюджет есебінен 30 көшеге орта жөндеу және 34 көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 6 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылып, стандартқа сай 9 жасанды жол кедергілері мен 114 жол белгілері орнатылды.

2020 жылы Жетісай ауданының жол саласын дамытуға жалпы 5 млрд теңге қаржы бағытталған. Оған ұзындығы 31 шақырым - республикалық, 26,8 шақырым - облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендерге қарасты 50 көшеге орташа, 218 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу және 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

«Биыл Жетісай ауданында «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы ұзындығы 18,1 шақырымды құрайтын 20 нысанға орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Облыстық және жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 25,7 шақырымды құрайтын 32 көшеге орта жөндеу және 13,2 шақырымдық 24 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүреді», - дейді Жетісай ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нүркен Әлмеш.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359835
Пікірлер

Көрші сілтемелер