Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қайраттың бас бапкері Кака «Бенфикамен» матч жайлы: Кімнің мықты екенін ойын шешеді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Аламан спорт

Жолданған уақыты: 22:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://prosports.kz/kz/news/487622-kaka-benfikamen-match-zhaily-kimnin-mykty-ekenin-oiyn-sheshedi



Live

Спорттағы коронавирус

Футзал

Кака «Бенфикамен» матч жайлы: Кімнің мықты екенін ойын шешедіКака «Бенфикамен» матч жайлы: Кімнің мықты екенін ойын шешеді

«Қайрат» АФК бас бапкері Пауло Рикардо Фигейра Силва (Кака) Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы жеребе жайлы өз ойың айтты.

- Клубтар рейтингі бойынша «Қайратқа» «Бенфикадан» басқа қарсылас түспейтінін білген кезде қандай сезімде болдыңыз?

- Егер барлық фавориттер 1/8 финалда жеңіске жететін болса, онда тор дәл осындай болатынын білдік. Кезең өткен сайын қарсыластардың деңгейі де күшейе түседі. Бәрі де мықты. Сондықтан, «Бенфикамен» ойнайтынымызды білген кезде ерекше сезімде болдым деп айта алмаймын. 

- «Бенфикамен» өтетін матчқа команда қалай дайындалып жатыр, қорқыныш жоқ па?

- Қорқатын уақытымыз да жоқ. Кезең-кезеңмен дайындалып жатырмыз: алдымен, «Юнайтед Галацты» зерттедік, кейін «Бенфикаға» дайындықты бастадық. Біз қазірдің өзінде румын клубымен матчтан кейін жаттығу процесіне оралып жатырмыз, алда Қазақстан чемпионаты мен УЕФА Чемпиондар лигасында өте маңызды матчтар бар.

- «Бенфикаға» арнайы дайындаласыз ба? Қосымша зерттеп дегендей. Немесе турнирдің осы кезеңінде командалардың мықты-осал тұстары айқын байқалып тұра ма?

- Менің ойымша, әр команда қарсыластарына қандай да бір тосынсый дайындайды. Бірақ оны білу үшін қарсыластың қатарына жіберетін барлаушы керек (күлді). Сондықтан әдеттегідей дайындаламыз. Олардың не дайындап жатқанын біле алмаймыз, тек болжаймыз. Бірақ ол да дұрыс болмауы мүмкін. 

- Күтпеген жоспар дайындап, португалдықтарды таңқалдырау ойда бар ма? Әлде «Қайрат» әдеттегідей бақытын шабуылдан іздеп, қарсыласқа бейімделмей ме?

- Бапкер ретінде айтарым, әр команда өз ойының ойнауы керек. Әйткенмен, қарсыласты бүге-шүгесіне дейін зерттеп, ұтымды тактика қолдануға тырысамыз.

- «Қайраттың» «Бенфикадан» басты артықшылығы, және кемшілігі неде?

- Басты артықшылық матчтың қай жерде өтетіні анықталғаннан кейін белгілі болады - Минскіде, Алматыда, Мәскеуде немесе Португалияда. Көп нәрсе осыған байланысты. Деңгейлес командалар жолығады, ал кімнің мықты екенін ойын шешіп береді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter

0

Фараби Әбдіхалық

Пікірлер

0

Ставкалар

Бельгия – Англия: қола жүлде кімге бұйырады

Әлем футболы

Бүгін қола жүлдегер ғана емес, турнирдің үздік сұрмергені де анықталуы мүмкін

Төлеш Есет

Хорватия – Англия: кімнің бағы жанады

Әлем футболы

Жартылай финалдың екінші матчына болжам

Төлеш Есет

Франция-Бельгия: Жұлдыздар шайқасында кімнің жолы болады

Әлем футболы

Екі алыптың айқасы!

Қуаныш Қаппас

Ағылшындар тарихында  үшінші рет 1/2 финалға өтуі мүмкін

Әлем футболы

Швеция – Англия матчына болжам

Төлеш Есет

Харри Кейн бастаған англиялықтар жеңіске жете ала ма

Әлем футболы

Бүгін Швеция мен Англия құрамалары кездеседі.

Қуаныш Қаппас

Тағы жүктеу

Блогтар

блог құру

Барлық блогтар

Тағы жүктеу



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=21&id=1359832
Пікірлер

Көрші сілтемелер