Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» спектаклінің премьерасы өтеді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:48 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/elordada-oralhan-bokeydin-auyl-hikayalary-spektaklinin-prem-erasy-otedi_a3756772


Елордада Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» спектаклінің премьерасы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27-28 ақпанда Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Алтайдың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» спектаклінің премьерасы өтеді.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин тәртібін бұзған елордалықтарға 60 млн астам теңге айыппұл салынды Елордада медицина қызметкерлерін 2 компонентпен вакциналау басталды Елордада шектеу шаралары жеңілдеуі мүмкін

«Алтайдың Кербұғысы» атанған заңғар жазушы Оралхан Бөкейдің әңгімелері өміршеңдігімен, терең сырлы лирикасымен ел жүрегінен өз орнын алған.

«Ауыл хикаялары» драмасы суреткер О.Бөкейдің «Апамның астауы», «Қош, махаббатым» және «Маңдайдан бағың шайқалса» әңгімелерінің желісі бойынша сахналанады.

Көрермендер өкініш пен қоштасу, қуаныш пен мұң, махаббат пен қимастық сезімін бастан кешіріп, кіші сахнада қойылымның қатысушына айналады. Қойылым сіздің жүрек түбіндегі ыстық сезімдерді оятып, асыл шақтарыңызды еске алуға, сіз үшін қымбат жандармен тағы бір мәрте тілдесуге, сырласуға мүмкіндік береді.

Авторы: Оралхан Бөкей. Режиссерлері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Қамиев, Нұржігіт Муслимов, Әли Бидахмет, суретші –Айнұр Есболатова.

Өтетін орны: NOMAD CITY HALL

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, B2-3. Басталуы сағат 19:00


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359827
Пікірлер

Көрші сілтемелер