Ол бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратпауды сұрады. Айтуынша, тілсіз жауға бір ғана себеп – сіріңке. Балалар онымен ойнап жүргенде тез жанатын ойыншықтар өртеніп кеткен. Кейін қызыл жалын тұтас үйді шарпыған.
«Қиын сәтте осынау ауыр қайғымен бөліскен барша отандасымызға алғыс білдіреміз. Бұл тақырыпты енді қозғамауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ олар отбасының қандай да бір көмекке мұқтаж емес екенін айтты. Мемлекет тарапынан пәтер берілді. Билік пен халық көңіл айтты. «Орнында бар, оңалар, – деді марқұм болған сәбилердің туысы.
Саидмұхаммед Әбдімәліков:
– Біз туралы әңгімелер айтып, желілерге салудың қажеті жоқ. Осымен доғарсыншы. Облыстың, ауданның әкіміне рақмет. Бәрі бастан-аяқ тұрды.