Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Хоккей: «Барыс» овертаймда «Ак Барстан» жеңілді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:15 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/hokkey-barys-overtaymda-ak-barstan-zhenildi_a3756788


Хоккей: «Барыс» овертаймда «Ак Барстан» жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 23 ақпанда елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Путинцева Аделаида турнирінің екінші айналымына шықты Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады Теннис: Кукушкин Нұр-Сұлтан турнирінің екінші айналымына шыға алмады

Екі команда бұған дейін 40 мәрте шеберлік байқасты. Оның он сегізінде «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Ак Барстың» мерейі үстем болды. Елордалық клуб олардың қақпасына 75 шайба соқса, өз қақпасына 137 гол жіберіп алды.

Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт ойында ресейлік клубтың үш мәрте мерейі үстем болды.

Сондықтан бүгінгі ойын тартысты өтті. Елордалық команда сапынан Кёртис Валк 19-минутта мергендігімен көзге түсті. Ал 32-минутта Даррен Диц есепті ұлғайтты.

Бұдан кейін «Ак Барс» сапынан Виктор Тихонов 34, Дмитрий Юдин 50-минутта гол соғып, таразы басын теңестірді. Ал 51-минутта Фил Вароне «Барысты» тағы да алға шығарса, оған ресейлік хоккейші Кирилл Петров бір шайбамен жауап қайырды.

Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда «Ак Барс» сапынан Артём Галимов жеңіс шайбасын соқты. Осылайша елордалық команда қарсыласына 3:4 есебімен жол берді.

Енді «Барыс» сырт айдында Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын елордада «Сибирьге» есе жіберді.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359779
Пікірлер

Көрші сілтемелер