Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атырауда 73 жастағы дәрігер вакцина салдырды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 20:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/atyrauda-73-zhastagy-dariger-vaktsina-saldyrdy


Атырауда 73 жастағы дәрігер коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың мәліметінше, Атырауға вакциналау басталардан бір күн бұрын «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілген. Вакцина салу үшін Атырау қаласында 16, ал аудандарда 8 арнайы орын дайындалған. 

«Дәрігерлермен бірге, коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алдым. Вакцинация аздап ауырсынумен қатар жүрді. Бірақ бірінші кезеңнен кейін жанама әсері болған жоқ. Вакцина алу – «Covid-19» қауіпті вирусын жұқтырмаудың басты жолы», - дейді Бақытгүл Хаменова.

 

Вакцина салдырған дәрігерлердің арасында 73 жастағы хирург Марат Есжанов та бар. Оның айтуынша, вакцинаның жанама әсері жоқ. 

«Мен де 1 ақпанда әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші кезеңін алдым. Дене қызуы, әлсіздік, бас айналу секілді әсерлер, басқа да асқынулар болған жоқ. Вакцинациядан кейін 10-15 минут дәрігерлер бақылауында болдық. Кейін күнделікті жұмысымызға кірістік», - дейді Марат Есжанов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359772
Пікірлер

Көрші сілтемелер