Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Австралия тұрғыны қазақ тілін екі айда үйренді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 19:40 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/129047



«Вечерний Алматы» сайтында «Житель Австралии выучил казахский язык за два месяца» немесе қазақ тіліне аударылғанда – «Австралия тұрғыны екі ай ішінде қазақ тілін үйренді» деген қызықты мақала жарияланды

Мен қазақ тіліне аударуға тырыстым және бұл материал барлық қазақстандықтар үшін қызықты әрі тағылымды болады деп ойлаймын.

Австралиялық азамат Қазақстанға келуді армандайды. Видеода австралиялық қазақ тілін оқып үйренудегі жетістіктері туралы айтты, деп хабарлады Vecher.kz. Бұл видеоны саясаттанушы Расул Жұмалы өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

«Мынау Иуан Смит деген Австралияның жігіті. Ұлым Али оған қазақ тілін Интернет арқылы үйретіп екі-ақ айдың ішінде кәдімгідей деңгейге көтерілді. Бәрекелді! Бірақ осыған қарап өмір-бақи Қазақстанда тұрып қазақша қақпайтындар қатты қынжылтады» - деп жазды саясаттанушы. 

Австралиялық азамат қазақ тілін неге бастағанын түсіндірді: «Сәлеметсіз бе! Менің атым Иуан. Мен Австралиядан, қазір Сеулде тұрамын. Мен қазақ тілін үйренуді екі себепке байланысты бастадым. 

Біріншіден, мен шет тілдерін үйренуді жақсы көремін. Екіншіден, бір күні Қазақстанға келгім келеді. Қазақ тілін үйрену қиын, өйткені оның құрылымы менің ана тілімнен мүлдем өзгеше және менде оны үйренуге көп ресурстар жоқ. Мен қазақ тілін оқығанды ​​өте жақсы көремін, өйткені бұл өте қызықты». 

Иуан жаңадан бастаушыларға қазақ тілін үйренуге кеңес берді: «Менің ойымша, шет тілін үйрену көп уақыт пен күш жұмсайды. Егер адам шет тілінде сөйлей алмаса, бұл проблема емес. Бірақ менің ойымша, адам басқа елде тұрса, сол елдің тілін үйренуге тырысуы керек. Жақында қазақ тілін үйренуді бастағандарға айтар кеңесім: сізді қызықтыратын тақырыпты тауып, содан бастаңыз».

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1359761
Пікірлер

Көрші сілтемелер