Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Үй алуға жеңілдетілген қарыз берілмек | “Адырна” ұлттық порталы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 19:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/60698


Үй алуға жеңілдетілген қарыз берілмек
816

Бүгін Үкіметтің онлайн отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері тақырыбы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Baq.kz. агенттігіне сілтеме жасап.

Министр атап өткендей, 2020 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 140 мыңнан астам тұрғынжай пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6%-ға өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестициялар тартылды, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар 38 400 отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 28 мың әлеуметтік тұрғын үй түрінде және 10 400 жеңілдетілген заемдер берілді.

Осы жылы қаржыландырудың есебінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл 163 мың тұрғынжай. Мемлекеттік инвестициялар есебінен кезекте тұрған 31 300 адамды қолдаумен қамтылу жоспарланып отыр. 22 500 әлеуметтік тұрғын-жай салынып, сатып алынады және тұрғындарға 8 800 жеңілдетілген қарыз беріледі, - дейді Атамқұлов Үкімет отырысында.

Бұған дейін өткен Үкіметтің отырысында министр осы жылдың алғашқы айында 801 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін айтқан болатын.

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1359741
Пікірлер

Көрші сілтемелер