Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Илон Маск бір тәулікте 15 миллиард долларынан айырылды: 23 ақпан 2021, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 18:40 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/world_news/ilon-mask-br-taulkte-15-milliard-dollaryinan-ayyiryildyi-319432/


Илон Маск бір тәулікте 15 миллиард долларынан айырылды: 23 ақпан 2021, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Tesla акцияларының құлдырауына байланысты бір тәулікте 15 миллиард долларынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, оның байлығы 183 миллиард долларға дейін төмендеді.

Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы 3,73 миллиардқа - 186 миллиард долларға дейін төмендеді. Осылайша, Безос әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде бірінші орында, Маск - екінші орында тұр.

22 ақпанда Tesla акцияларының бағасы 8,55 пайызға - 714,5 долларға дейін төмендеді. Ал Amazon акциялары 2,13 пайызға - 3180,74 долларға арзандады.

Еске салайық, 17 ақпанда Илон Маск ең бай адам атағынан айырылып, Amazon негізін қалаушыдан бір саты қалып қойған еді. Алайда бір күннен кейін ол қайта миллиардерлер тізімін басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1359724
Пікірлер

Көрші сілтемелер