Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Семейде екі автобус екі жасөспірімді қағып кеткен



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:33 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/semeyde-eki-avtobus-eki-zhasospirimdi-kagyp-ketken_a3756759


Семейде екі автобус екі жасөспірімді қағып кеткен

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде екі автобус кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жыл басынан бері 40-қа жуық көлік өртенді Петропавлда болған жарылыста кімдердің қаза тапқаны анықталды Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Абай көшесі бойымен келе жатқан бағдарлық автобустың 55 жастағы жүргізушісі Қайым Мұхамедханов көшесіне қарай бет алған. Алайда жүргізуші қозғалыстың қауіпсіз жылдамдығын таңдамай, жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан ол дене жарақатын алған. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады.

Дәл сол күні тағы бір бағдарлық автобус Глинка көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Қыз жолдың жүру бөлігінен солдан оңға қарай, қозғалыс барысында өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды», – деп түсіндірді қалалық полиция басқармасында.



Фото: «АҚО» ҚБ


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359718
Пікірлер

Көрші сілтемелер