Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Е.Дауылбаев: Көп пәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа форматына өту қиындық тудырмайды - Қазақстан жә



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:30 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/457244-e-dauylbaev-k-p-p-terli-t-r-yn-jdi-bas-arudy-zha-a-formatyna-tu-iyndy-tudyrmajdy



Е.Дауылбаев: Көп пәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа форматына өту қиындық тудырмайды


Көп пәтерлі тұрғын үйді басқарудың жаңа форматына өту қиындық тудырмайды.

Тұрғын емес үй-жайлардың иелері өзара жиналыс ұйымдастырып, мүлік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестік құру қажет. Яғни қатысушылар саны 10%-тен кем болмау керек. Және жиын туралы хабарландыру 10 күн бұрын жариялануы тиіс. Бұл туралы Еркебұлан Дауылбаев мәлім етті. Бұдан бөлек, жиналыста барлық меншік иелерінің кемінде 50%-ін қамтамасыз етілуі керек. Егер жеткілікті дауыс жиналмаған болса, онда жазбаша сауалды жүргізу уақыты бекітіледі. Осыған орай zhkh.kz сайтында басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша барлық ақпаратты алуға мүмкіндік бар. Және қосымша сұрақтарды Suraqtar.kz. платформасында жолдауға болады. Айта кетейік, елімізде көп пәтерлі тұрғын үйді басқарудың 1735 жаңа нысаны құрылды. Оның басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан. Сондай-ақ басқарудың ескі форматы 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін өз қызметін жалғастырады.

Еркебұлан Дауылбаев, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары:

- Жазбаша сауалнама парағы жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде әрбір меншік иесіне қолма-қол не электрондық пошта арқылы жіберіледі. Жазбаша сауалнама жиналыс жарияланған күннен бастап 1 айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Және мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келесі құжаттарды тапсыру қажет: өтініш; хаттама жарғы , мемлекеттік баж салығы.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359714
Пікірлер

Көрші сілтемелер