Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағандылық зейнеткер 17 млн 500 мың теңгені көршісіне сақтауға бергенін ұмытып қалған - Қазақстан



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:20 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/457239-ara-andyly-zejnetker-17-mln-500-my-te-geni-k-rshisine-sa-tau-a-bergenin-mytyp-al-an



Қарағандылық зейнеткер 17 млн 500 мың теңгені көршісіне сақтауға бергенін ұмытып қалған


Қарағанды қаласының тұрғыны 17 млн 500 теңге көлеміндегі ақшасын көршісіне сақтап қою үшін беріп, ақшаның жоғалғаны туралы полицияға шағымданған, деп хабарлады Polisia.kz.

18 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 64 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші азаматша полиция қызметкерлеріне бірнеше күн ауруханада жатқанын айтқан. Белгіленген емдеу шараларын алып үйіне келген зейнеткер өзінің үйінде белгісіз ұрылардың болғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер кілт таңдау арқылы оның үйіне кіріп, 5 миллион теңге және 30 мың АҚШ долларын алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 17 миллион 500 мың теңгені құраған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау барысында жәбірленуші азаматша өзінің жиған ақшасын ауруханаға жатар алдында уақытша сақтай тұру үшін көршісіне қалдырғанын есіне түсірді.

Айта кету керек, көршісі зейнеткердің барлық ақшасын өзіне қайтарып берді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359708
Пікірлер

Көрші сілтемелер