Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазгидромет: Республиканың басым бөлігінде бұрқасын болады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:15 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazgidromet-respublikanyn-basym-boliginde-burkasyn-bolady_a3756749


Қазгидромет: Республиканың басым бөлігінде бұрқасын болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 24 ақпанның ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер наурызда еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болатынын болжады Ауа райының бұзылуынан 4 өңірде 14 жол учаскесі жабық тұр Жел, қалың қар, боран – сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

23-24 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Орал қаласында 24 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Сол күндері Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз - 23 м/с дейін жетеді.

24 ақпан күні Ақтөбе қаласында жаяу бұрқасын болады, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 16 метрге жетеді.

23-24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.

Қызылорда қаласында 24 ақпанда түнде бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с болады.

23-24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Өскемен қаласында 24 ақпанда күндіз көктайғақ болып, жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні15-18 м/с болады.

Семей қаласында 24 ақпан күні түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-18 м/с жетуі ықтимал.

24 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау қаласында 24 ақпан күні күндіз жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359705
Пікірлер

Көрші сілтемелер