Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тоқаев Каспийдегі қызмет туралы заңға түзетулерге қол қойды: 23 ақпан 2021, 17:16 - жаңалықтар Tengr



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 17:50 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-kaspiydeg-kyizmet-turalyi-zanga-tuzetulerge-kol-319431/


Тоқаев Каспийдегі қызмет туралы заңға түзетулерге қол қойды: 23 ақпан 2021, 17:16 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізін қолдану мәселесі бойынша түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

2019 жылғы ақпанда Қазақстан Бесінші Каспий саммиті барысында 2018 жылғы 12 тамызда қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады.

Конвенцияның негізінде тиісті заңдарға ені 15 теңіз милі болатын аумақтық су туралы норма енгізіледі. Олардың сыртқы шегі мемлекеттік шекара мәртебесіне ие болады. Аумақтық суға 10 мильдік балық аулау аймақтары қосылады. Онда әр мемлекеттің балық аулау бойынша айрықша құқығы бар. Қабылданған заң мемлекеттік шекараны берік қорғауға, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Каспийде еліміздің экономикалық мүддесін жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастырады. Сондай-ақ, заңның бірқатар нормасы су биологиялық ресурстарын сақтауға бағытталған. Жаңа нормалар біздің ұлттық мүддемізге сай келетіні сөзсіз.

Сонымен қатар, заң қазақстандық балықшыларға Каспийде тәулік бойы балық аулауға рұқсат береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1359679
Пікірлер

Көрші сілтемелер