Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда туберкулезбен күрес айы басталады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 17:42 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266542-almatyda-tuberkulezben-kures-ayy-bastalady


«Басты міндет – «туберкулездің үкім емес екенін» айту. Бастаманың мақсаты – халықтың туберкулезге қарсы іс - шаралар туралы және елдегі туберкулезді тексеру мен емдеудің тұрғындар үшін қолжетімді жағдайлары туралы хабардар болуын арттыру», - деді ол. 

Бүкіл әлемде атап өтілетін күннің міндеті барлық тұрғындарға туберкулез мәселесі біздің кез келгенімізге әсер етуі мүмкін екендігін жеткізу, сондықтан акцияның сәтті болуы әр адамның жеке ұстанымына байланысты. Осыған байланысты туберкулез дегеніміз не, оның неден басталатынын, қалай анықталатынын және қалай емделетінін түсіндіру қажет. 

«Егер туберкулезге тән белгілер болса, онда сіз медициналық ұйымға барып, тегін ем ала аласыз», - дейді Мәлік Әденов. 

Сондай-ақ спикерлер бірқатар ұсыныстар берді. Туберкулезбен ауырмау үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Сонымен қатар, қала тұрғындарының жеке гигиена және алдын алу шараларын - бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауы COVID-19 сияқты ауа тамшыларымен берілетін туберкулездің таралуын болдырмауға да оң әсер етті. 

Бір айлық насихат кезінде оқу орындарында және басқа да ұйымдарда күшейтілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, роликтер көрсетіледі, тақырыпқа сай үздік жариялау, мектептерде осы тақырыпты дұрыс түсіндіруге қатысты конкурстар өткізілетін болады. Бұл туберкулез туралы айтудың қол жетімді әдісі. 

«Бүгінгі таңда барлық медициналық ұйымдар мен Алматы қаласының тұрғындары инфекциялық бақылау мен жеке қорғану құралдарының не екенін түсінеді», - деп атап өтті Алматы қаласының Фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сәпиева. 

Брифинг барысында келесі 5 жылға арналған жаңа кешенді жоспардың енгізілгені туралы хабарланды.

«Біз биыл 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспар әзірлеп, қабылдауды жоспарлап отырмыз, онда барлық іс - шаралар жазылады, соған сәйкес біз болашақта жұмыс істейтін боламыз», - деп хабарлайды Мәлік Әденов. 

Айта кету керек, туберкулезге қарсы күрес жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Соңғы 10 жылда туберкулезбен ауыру 2,3 есе азайды, 2009 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 105,3-ке қарағанда, 2020 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 35,7-ні құрады, 2020 жылдың қорытындысы бойынша туберкулездің таралуы 100 мың тұрғынға шаққанда 49,3-ті құрады. Өлім көрсеткіші 6 есеге төмендеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359676
Пікірлер

Көрші сілтемелер