Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда туберкулезбен күрес айлығы басталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:24 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/almatyda-tuberkulezben-kures-aylygy-bastaldy_a3756725


Алматыда туберкулезбен күрес айлығы басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық басталды. Пандемияны ескере отырып, іс-шаралар онлайн түрде өткізіледі. Бұл туралы брифинг барысында Ұлттық фтизопульмонология орталығының директоры Мәлік Әденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Басты міндет – «туберкулездің үкім емес екенін» айту. Айлықтың мақсаты халыққа туберкулезді тексеру мен емдеу қолжетімді екені түсіндіру», - дейді Мәлік Әденов.

Оның айтуынша, әлемдік деңгейде аталып өтетін айлықтың маңызы зор. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің ұраны – «Туберкулезге қарсы күресте сенің де өз үлесіңді қосатын уақытың келді».

«Туберкулезбен ауырмау үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды. Жеке гигиена және алдын алу шараларын сақтау керек. Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау COVID-19 сияқты ауа тамшыларымен берілетін туберкулездің таралуын болдырмауға оң әсер етеді»,- дейді ол.

Айлық аясында оқу орындарында және басқа да ұйымдарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, роликтер көрсетіледі.

Сонымен қатар, ол алдағы 5 жылға арналған жаңа кешенді жоспардың енгізілгені туралы айтты.

«Біз биыл 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспар әзірлеп, қабылдауды жоспарлап отырмыз, онда барлық іс - шаралар жазылады, соған сәйкес біз болашақта жұмыс істейтін боламыз», - деді Мәлік Әденов.

Айта кетейік, Алматыда соңғы 5 жыл ішінде туберкулез ауруының көрсеткіші 42,8% төмендеген.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359661
Пікірлер

Көрші сілтемелер