Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


АҚШ-та коронавируспен ауырғандар саны азайып келеді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 16:50 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/457223-a-sh-ta-koronaviruspen-auyr-andar-sany-azajyp-keledi






Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша ковид індетімен ауырғандардың саны өткен аптада 16%-ке түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған қарамастан дертті жұқтырғандардың саны артып, 111 миллионнан асып отыр. Және де АҚШ сол тізімнің көшін бастап тұр. Алайда соңғы уақытта АҚШ-тағы пандемия түзеліп, халықтың жағдайы оңалып келеді.

Талғат Алманов, тілші:

- Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша АҚШ-тағы ковидпен ауырғандардың саны 28 милионнан асып, қайтыс болғандар 500 мыңға жеткен. Бұл барлық елдердегі ковидпен ауырғандардың 25%-ін құрайды. Дей тұрғанмен, АҚШ-тағы қазіргі жағдай өткен кезеңдермен салыстырғанда айтарлықтай жақсарды. Мәселен, ақпанда ковидпен ауырғандардың саны тәулігіне 250 мыңға жетсе, қазір 65 мыңға дейін төмендеген. «Бұл жаппай вакциналаудың арқасында жеткен нәтиже», - дейді мамандар.

Энтони Фаучи, АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері:

- Қазіргі уақытта біз халыққа қажетті вакцинаны көптеп шығаруға тырысудамыз. Сонымен қатар қажет елді мекендерге көшпелі тестілеу орталықтарын орнатудамыз. Өйткені екпе тез арада халықтың қолына тиюі керек. Халық соны түсіну керек. Осындай сұмдық рекордтық көрсеткішке жетіп, ковидті ушықтырып алғанымыз басымыздың қосылмай, ойымыздың бір жерден шықпағандығынан туындады. АҚШ-тағы сұмдық жағдай тек Трамптың кінәсі деп түсінуге болмайды.

Мамандардың айтуынша, америкалықтардың 70%-і вакциналанса, вирусқа төтеп бере алатын ортақ иммунитет қалыптасып, вирустың мутациялануы тежеледі. Осы уақытқа дейін америкалықтардың 64 миллионы вакциналанып, оның 19 миллионы екпені екі рет қабылдағандар. Екі рет дейтініміз, Pfizer және BioTech вакциналарының алғашқы дозасы инфекциялық симптомдарды 74%-ке, ал екіншісі 90%-ке дейін жойғаны байқалған.

Энтони Фаучи, АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері:

- Вакцинаны бір рет қабылдау вирустың жаңа түріне толықтай төтеп бере алмайды. Дегенмен, мүлдем қабылдамай қойғаннан жақсы. Айталық, бірінші доза сізді 70%-ке дейін ғана қорғайды дейік. Немесе тіпті 50%-ке дейін қорғаса да, ол сізді ауыр жағдайға түсуден немесе қайтыс болудан сақтар еді. Сондықтан да қазіргі уақытта вирусты толықтай жою мүмкін емес, бірақ вакцинаны егу арқылы адамдарды ауыр халге түсуден сақтауға болады.

«Ауырғандардың саны азайғанымен, қуануға әлі де ерте», - дейді мамандар. Өйткені кейбір штаттарда ковидтің жаңа түрін жұқтырғандар артып келеді. Мұндай науқастар АҚШ-тың 44 штатында тіркелген. Бір ғана Миннесотада бір аптаның ішінде вирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны екі есеге өсті. «Вирустың жаңа түрін жұқтырғандардың нақты санын анықтау күрделі шаруа», - дейді мамандар.

Джереми Камил, вирусолог:

- Қазірге кезде тіркеліп отырған вирустың жаңа түрі айсбергтің ұшы ғана. Дегенмен, паникаға салынудың қажеті жоқ. Себебі қазіргі вакцинаға қарсы иммундық жүйеміз қалыптасса, жаңадан мутацияға ұшырап жатқан түріне да айтарлықтай төтеп бере алады деп ойлаймын. Қазіргі кезде бізге керегі вирустың жаңа түрін жіті бақылауға алып, зерттеу ғана.

«Вакциналанған адамдардың сақтық шараларды сақтап, маска тағуға немқұрайлы қарамағаны абзал», - дейді мамандар. Өйткені егілген вакцинаның күшіне енуі үшін уақыт қажет. Яғни, вакцина алған күннің өзінде вирусты басқаларға жұғуы мүмкін деген сөз. «Қазіргі уақытта америкалықтарға ең қажеті – жауапкершілік», - дейді сарапшылар.

Авторлары: Талғат Алманов, Ринат Садыров

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359631
Пікірлер

Көрші сілтемелер