Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БҚО ювеналдық соты карантинге жабылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:39 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/bko-yuvenaldyk-soty-karantinge-zhabyldy_a3756701


БҚО ювеналдық соты карантинге жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жұмыс жасайтын үш адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде 700-ден астам адам үй карантинінде жатыр Алматы оқушылары карантин талаптарын қалай сақтап жүр БҚО-да карантин талабын бұзғандарға 5 млн теңге айыппұл салынды

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, ауырғандармен қарым-қатынаста болған мамандардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынды, сынама тексерілуде.

Коронавирус жұқпасы анықталған жұмыс орнына қорытынды дезинфекция жасалып, инкубациялық кезең аяқталғанға дейін карантинге жабылды.

Індет басталғаннан бері облыста 12622 адам дертке шалдығып, соның 10212-сі жазылып шықты.

БҚО сотының баспасөз қызметі де ювеналдық сотқа 22 ақпаннан бастап 2 наурызға дейін карантиндік шаралар енгізілгенін хабарлады.

Осы мерзімде ювеналдық соттың жұмысы толығымен тоқтатылады. Оған СЭС қызметкерлерінен басқа адамдардың бәріне келуге тыйым салынады. Осы кезеңге қарауға тағайындалған істер кейінге қалдырылды, олардың күні мен уақыты қатысушыларға қосымша хабарланады.

Ювеналдық сот карантиндік шаралардан кейін өз жұмысын қайта жалғастыратын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да медицина қызметкерлерін коронавирусқа қарсы екінші қайтара егу басталғанын жазған болатынбыз.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1359622
Пікірлер

Көрші сілтемелер