Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ұлыбританияда Boeing 777 ұшағының ұшуына тыйым салынды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 16:30 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/457229-lybritaniyada-boeing-777-sha-yny-shuyna-tyjym-salyndy



Ұлыбританияда Boeing 777 ұшағының ұшуына тыйым салынды


Ұлыбританияда «Pratt & Whitney PW 4000» қозғалтқышы бар Boeing 777 ұшағын қолдануға тыйым салынды.

Бұл туралы осы елдің Көлік министрі Грант Шэпс мәлімдеді. Министр шектеу АҚШ-та осы ұшақпен болған оқыс оқиғаның мән-жайы толық зерттеліп бітпейінше жалғасатынын айтады.

Еске сала кетейік, ақпанның 21-і күні Денверден Гонолулуға ұшып шыққан осы әуе кемесінің қозғалтқышы көкте жанып, әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Борттағы 241 жолаушының ешбіреуі жапа шекпеді. Оқиғадан кейін Boeing компаниясы осы ұшақ түрін қолдануды уақытша тоқтатуға кеңес берді. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Роберт Самуолт, АҚШ Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесінің төрағасы:

- Алғашқы тексерулер жерге құлаған желдеткіштің темірінің тозғанын көрсетті. Бірақ қозғалтқыштың жануының себептерін анықтау үшін оның қаңқалары зертханаға жеткізіліп, сол жерде тексеріледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1359611
Пікірлер

Көрші сілтемелер