Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Коронавирус: Қарағанды облысында 1600 адамға вакцина салынды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 15:50 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/koronavirus-karagandy-oblysynda-1600-adamga-vaktsina-salyndy


Қарағанды облысында медицина қызметкерлерін вакциналау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда COVID-19 вакцинациясымен 1600 адам қамтылды. 22 ақпаннан бастап тағы 80 адам «Гам-Ковид-Вак» (Спутник V) екінші дозасын алды.

«Облыста вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Юрий Залыгин «Спутник V» коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның екінші компонентімен егілді. Вакцинаның екінші дозасын бірінші сияқты санитариялық дәрігер МСАК базасында алды. Алгоритм бойынша бас дәрігер медициналық бақылауда 30 минут өткізді, оның айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Нақты алдын-алудың жалғыз әдісі – вакцинация. Денеге вакцина енгізу ауруды тудыруы мүмкін емес, қорғаныс антиденелерін шығару арқылы иммундық жүйені инфекциямен күресуге мүмкіндік береді. Профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігердің міндетті тексерісі жүргізіледі. Егілетін адам жазбаша түрде профилактикалық егулерді жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімге немесе бас тартуға қол қояды. Екі сатылы вакцинаның дозаларын алу арасындағы интервал 21 күнді құрайды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359575
Пікірлер

Көрші сілтемелер