Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған 245 шетелдік анықталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 15:45 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/266519-shymkentte-koshi-qon-zanhnamasyn-buzghan-245-sheteldik-anyqtaldy


Көші-қон заңнамасы бойынша үш қылмыстық жайт анықталды.2021 жылдың 15-19 ақпан аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген «Мигрант» профилактикалық іс-шарасы барысында Қазақстан Республикасына келіп-кету және болуы бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 245 шетелдік және 74 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды.

2018-2020 жылдар аралығында көші-қон заңнамасын бұзған сегіз шетелдіктер сот шешімін орындамай жүргені анықталып, ел аумағынан шығарылды.

Іс-шара барысында шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 59 және шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 15 Қазақстан Республикасының азаматтары анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша үш жайт анықталды. Сондай-ақ, іздеуде жүрген төрт қылмыскер ұсталды. Қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысып, азаматтарды мазалап жүрген үш шетелдік анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1359568
Пікірлер

Көрші сілтемелер